ТҮРКІСТАН: Манкенттегі мәселелер назарға алынды

0
490

Проблемаларды шешу бойынша тапсырмалар берілді.


ТҮРКІСТАН: Манкенттегі мәселелер назарға алынды

Сайрам ауданының әкімі Манкент ауылдық округін аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы Манкент ауылдық округін аралады. Жұмыс барысында Алма-ата және Бірлік көшелерінде орналасқан су ұңғымаларының жағдайы, аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар «Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің ғимаратын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына өткізу мәселелерімен танысты.


Ауылдық округ әкімі А.Сайтмуратов жаз айында жергілікті тұрғындардың ауыз суға сұранысы жоғары болатынын айтып, кейбір су ұңғымаларынан шыққан су мөлшерінің аз екенін және лайқа су шығып жатқанын жеткізді. Білім мекемесінің ғимараты жастарға спортпен шұғылдануға керек екенін де айтты.


Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы негізінде Алма-ата көшесіндегі 150 метр су ұңғымасы қазуға, 40 текше метр су мұнарасын орнатуға бюджеттен 23 млн. теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 250 үй ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, Бірлік көшесінде «Сайрам тазалық» ЖШС-інің балансындағы ұңғыманың жанынан қосымша 180 метр су ұңғымасын орнатуды ауыл демеушілері қолға алып отыр. Құрылысы аяқталған соң, судың мөлшері көбейіп, 280 үй тұтынатын болады.


Ал, аудандық маңызы бар жол құрылысы 2022 жылдың шілдесінде басталып, 2024 жылға дейін құрылысын аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС. Жобалық сметалық құны 1 млрд. 551 млн 730 мың теңгені құрайды.


Сондай-ақ, «Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің оқу корпусы 2015 жылы ауыл тұрғындары есебінен ыңғайластырылып, қайта құрылған. Мектеп 0,30 га жер теліміне орналасқан. Мектеп 6 бөлмеден тұрады. Аудан әкімінің тиісті қаулысына және аудандық білім беру бөлімінің бұйрығына сәйкес, Манкент ауылдық округі әкімі аппаратының балансындағы ғимаратты №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің балансына өткізілген. Бүгінгі таңда облыстық салалық басқарманың балансынан аудандық бөлімге өткізу жайында ұсыныс жасалып отыр.


Аралау соңында ұсыныс-пікірлер талқыланып, өзекті мәселелер бақылауға алынып, тапсырмалар берілді.