​ТҮРКІСТАН: Маңызды мәселелер талқыланды

0
113

Басқосудың мақсаты – өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың көңіл-күйіне әсер ететін факторларды талдау және алдын алу шараларын күшейту.


​ТҮРКІСТАН: Маңызды мәселелер талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу және өңірдегі ахуалды бағалау бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға жауапты басқарманың өкілдері, құзырлы органдардың басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысып, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйін талқылады.

Басқосудың мақсаты – өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың көңіл-күйіне әсер ететін факторларды талдау және алдын алу шараларын күшейту.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің мемлекет дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Осы бағытта мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерге дер кезінде назар аударып, олардың оң шешілуіне ықпал ету қажеттігін айтты.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық орындарда тәртіп пен құқықтық мәдениетті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу