Тұрғындардың мәселесімен танысты.
Бәйдібек ауданына Мәжіліс депутаты іс-сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бәйдібек ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Республикалық Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрайымы Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы келіп, күрделі жөндеуді қажет ететін Есіркеп батыр ЖОМ мен құрылысы жүріп жатқан Досан НОМ болды.
Сондай-ақ, білім және спорт саласындағы мәселелерді көтеріп жүрген Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаевпен кездесті. Мәжіліс депутатына білім және спорт саласындағы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаев және мектеп басшылары өз ұсыныстарын білдірді. Жұлдыз Досбергенқызы аталған ұсыныс пікірлердің назарға алынғанын, алдағы уақытта бар мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жүргізетіндігін айтты.