ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік бағдарлама аясында 2 жоба іске қосылды

0
817

Нәтижесінде 130 жаңа жұмыс орны ашылған.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік бағдарлама аясында 2 жоба іске қосылды

Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 жоба іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысы Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 771 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 130 жаңа жұмыс орны ашылған.

Соның бірі Бірлік ауылдық округіндегі жалпы құны 520 млн. теңге болатын «ТМстрой 21» ЖШС. Аталған мекеме жылына 32,4 млн. дана керамикалық қыш өндіруге қауқарлы. Мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл зауыт тәулігіне 4 тонна жіп шығаруды да қолға алған. Мұнда 20 азамат жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған 2-ші жоба Біртілек ауылдық округінде орналасқан. «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС-нің жалпы құны 251 млн. теңге. Бұл мекемеде 70 адам жылына 30 млн. дана қыш өндіреді.

Айта кетейік, ауданда үстіміздегі жылдың 10 айында 3576 азамат «KazMicroFinance» МҚҰ» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Ырыс»МКҰ» ЖШС несие ұйымдарынан жалпы сомасы 1903,4 млн. теңге несие алып жеке кәсіп ашқан.