ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметкерлер балаларға қуаныш сыйлады

0
1 319

“Балаларға қуанышты күн сыйла!”.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметкерлер балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады. Облыс әкімдігі аппараты мен басқармалар мамандарыаймақтағы балалар үйлерінің 156тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы "FONTAN" аквапаркіне апарып, мерекелік сый жасады.


“Балаларға қуанышты күн сыйла!” атауымен өткен игі бастамаға Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, “Балаларды қолдау орталығы” тәрбиеленушілері қатысты.


Бұл бастама аймақтағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан алғаш рет ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар тек бассейінге түсіп қана қоймай, ыстық тағамдармен, түрлі тәттілермен қамтамасыз етіліп, мерекелік атмосфераны сезінді.


Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан осындай қайырымды шаралар мемлекет тарапынан да, демеушілердің қолдауымен де тұрақты өткізіліп келеді.