ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілер құрмет грамотасымен марапатталды

0
536

ҚР Кәсіподақтар күні қарсаңында.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілер құрмет грамотасымен марапатталды

Мақтааралдық мемлекеттік қызметшілер құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


10 қазан - ҚР-ның Кәсіподақтар күні қарсаңында Мақтаарал ауданының белсенді еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілері "Қызмет" мемелекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.


Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары жұмысшылардың жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.


"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні қарсаңында Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер мен белсенді бастамалар тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!" - деді Бақыт Насырханұлы.


Айта кетейік, Егеменді Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады.


Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады.