ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік марапаттар иелеріне табысталды

0
545

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдар да лайықты азаматтарға берілді.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік марапаттар иелеріне табысталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір топ азаматқа мемлекеттік марапат тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай облыстың және еліміздің дамуына үлес қосып, еңбегімен дараланған бір топ азаматқа мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Салтанатты рәсімге қатысушыларды еліміздің басты мерекесімен құттықтаған А.Жетпісбай қоғамның сан саласында жетістікке жете білген марапат иелерінің еңбегі зор екенін жеткізді.


Атап айтсақ, бүгін жиырмаға жуық адам марапатталды. Олардың арасында өнер, журналистика, мемлекеттік қызмет және өзге де сала өкілдеріне құрмет көрсетілді. Олардың бірқатарына тоқталсақ, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медаліне «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай мен Түркістан музыкалық-драма театрының бас балетмейстері Дәулет Мұратпеков және өзге де азаматтар ие болды. «Шапағат» медалімен Түркістан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбішева ие болса, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен бірге жиында ҚР Президентінің алғыс хаты, ҚР Премьер-министрі орынбасарының алғыс хаты және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тапсырылды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдар да лайықты азаматтарға берілді.