ТҮРКІСТАН: Мешіттерде жұма намасы оқыла бастайды

0
2 418

Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуі қадағаланады.


ТҮРКІСТАН: Мешіттерде жұма намасы оқыла бастайды

Түркістан облысындағы мешіттерде жұма намазы оқыла бастайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Наурыз айынан бастап республикадағы жасыл аймақта тұрған барлық өңірлерде жұма намазына оқуға рұқсат етілді. Сондықтан, Түркістан облысының аумағындағы мешіттерде 5-наурыздан бастап жамағатпен жұма намазы оқыла бастайды. Бұл туралы облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

«Жамағатпен құлшылық рәсімін жасау үшін мешіттер 30 пайыз ғана толтырылатын болады. Медициналық маска тағу, діни жоралғы кезінде сапқа тұрғанда арақашықтықты сақтау талап етіледі. Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуі қадағаланады. Уағыз оқылмай, тек парыз намазы ғана орындалады. Дәретханалар карантин талаптарып сақтай отырып ашылады. Жұртшылықты карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз»,- деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.

Сондай-ақ, дін өкілдері жаназа шығару және жерлеу рәсіміне қатысушылардың санын 50 адамнан асырмау қажеттігін жеткізді. Ал, індет өршіген жағдайда жұма намазын оқу тоқтатылатын болады.