ТҮРКІСТАН: Мүгедектегі бар азаматтарды қолдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр

0
124

Қазіргі таңда республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 102 401-і Түркістан облысында есепте тұр.


ТҮРКІСТАН: Мүгедектегі бар азаматтарды қолдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында мүгедектегі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарыжүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және өзекті мәселелеріталқыланды.


Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы МекенханҚозыханұлы баяндама жасады.Оның айтуынша, қазіргі таңда басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға түрліқызметтер көрсетуде.


Қазіргі таңда республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 102 401-і Түркістан облысындаесепте тұр.Бұл көрсеткішоблыс халқының 4,6%-ын, ал республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14% құрайды.


Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл жалпы көлемі 19,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Соныман қатар ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін 2026-2028 жылдарға жалпы 44,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Енді бұл қаржы келесі жылдан бастап аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің балансына беріледі. Осыған байланысты бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу жоспарланған.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл бағыттағы жұмыстарды ширатып, көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау бағытында жанашырлықпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Жауапты басқармалар мен мекеме басшыларынаәлеуметтік қолдауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу