ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы шалғайдағы халықты да назардан тыс қалдырмайды

0
1 608

Ақсақалдар «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.


ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы шалғайдағы халықты да назардан тыс қалдырмайды

Келес ауданына қарасты шалғайдағы ауылдардың тұрғындары «Nur Otan» партиясын қолдайды.

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Исахова Сәуле Серікбайқызы Келес ауданына қарасты Бозай ауылдық округінде болып, шалғайдағы ауыл-аймақты үйме-үй аралап, сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын таныстырды.

Сонымен бірге, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ал, ауыл ақсақалдары партияның шалғайдағы халықты да назардан тыс қалдырмай арнайы келген кандидатқа ризашылығын білдіріп, ақ баталарын жаудырып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.

Сондай-ақ, Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидатқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді