«Нұр Отанның» сьезінде партияның 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» барысы талқыланды.
Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясы өтті - деп хабарайды ERNUR.KZ тілшісі.
Конференцияға Түркістан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы Ж.Түймебаев, партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов пен облыстық маслихат хатшысы Қ.Балабиев пен маслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы баяндалып, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелеріне талқылау жүргізілді. Сонынмен қатар, Партия Жарғысына және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар айтылып, облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау туралы және «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ Съезіне делегаттарын сайлау туралы мәселелер қаралды.