ТҮРКІСТАН: Нысандардың құрылысы ағаштарға зиянын тигізбеуі тиіс

0
431

Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті.


ТҮРКІСТАН: Нысандардың құрылысы ағаштарға зиянын тигізбеуі тиіс

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге құрылыс қоршаған ортаға, жасыл желекке кері әсер етпеуі тиіс екенін айтты.


«Нысандардың сәулеттік жобаларын шығыс үлгісіне сай жасақтау қажет. Түркістан қаласының өзіндік дизайны, құрылыс жүйесі болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеп, сараптаудан өткізу керек. Нысандарды салу барысында ағаштарды кеспей, айналып өту жағын қарастырыңыздар» — деді Дархан Сатыбалды.


Мәжілісте Күлтөбе қалашығы аймағындағы туристік нысан, Түркістан қаласы аумағында шығыс үлгісінде безендірілген мұнаралар салу, ескек есу каналын туристік нысанға айналдыру үшін ғимараттар мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Қолөнершілер орталығы» нысанын салу жобасы да сарапталды.


Әрбір нысан бойынша тиісті ескертпелер айтылып, ұсыныстар берілді. Олардың бәрі жұмыс жоспарына енгізіліп, тиісті жұмыс жүреді.