ТҮРКІСТАН: Облыс тұрғындарының өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды

0
163

Қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау шаралары, теміржол тұйығын салу және заңсыз карьер қазу сынды мәселелерді көтерді.


ТҮРКІСТАН: Облыс тұрғындарының өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс тұрғындарын жеке қабылдау кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жолы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.


Қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау шаралары, теміржол тұйығын салу және заңсыз карьер қазу сынды мәселелерді көтерді.


Мәселен, түркістандық тұрғын Түркістан индустриалды аймағындағы теміржол тұйығы мәселесін қозғады. Бүгінде аталған аумақта теміржол тұйығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келес ауданынан келген азаматша кәсіпкерлерге арналған 5 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік гарант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Азаматшаға жақын күндері құжат қабылдау жұмысытары басталатыны ескертіліп, мемлекеттік грант комиссия шешімімен үлестірілетіні түсіндірілді. Сауран ауданының тұрғыны Қарашық өзені жағасында карьер қазу жұмыстары жүріп жатқанын тілге тиек етіп, келтірілген залалы туралы шағымын жеткізді. Сонымен қатар көше жарығына қатысты түйіткілдерді қозғады. Бұл мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті шаралар қабылданбақ.


Әрбір өтінішті мұқият қарап шыққан Талғат Қозбеков тиісті басқармаларға тұрғындардың сұрақтарын заң аясында шешуді және әр өтініш иесіне нақты жауап беруді міндеттеді. Азаматтардың көтерген мәселелері тұрақты бақылауда болады.

Бөлісу