ТҮРКІСТАН: Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал талқыланды

0
88

Өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағыттары жан-жақты талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиынға облыс прокурорының орынбасары, құқық қорғау органдары, тиісті басқармалардың басшылары, сондай-ақ қала-аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.


Жиында облыс аумағындағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағыттары жан-жақты талқыланды.


– Қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиіс. Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі назарда ұстап, желіге шыққан тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына тез арада, уақтылы, тиянақты жауап беруін қадағалауы тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

Бөлісу