​Түркістан облысы әкімінің орынбасары ауысты

0
3 299

Әзірге қандай қызметке баратыны белгісіз.


​Түркістан облысы әкімінің орынбасары ауысты

фото: ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы 2016 жылдың ақпан айынан бастап абыроймен атқарып келе жатқан қызмет орнын босатып, әкімдікте ауыс-түйістер орын алды. Оның орнына Мәлік Отарбаев келді.

Бұл ақпаратты Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Жүнісов растады. Алдағы уақытта толық мәлімет беретіндігін айтты.

Ұласбек Сәдібековтың ендігі жерде қандай қызметке барары әзірге белгісіз.

Ұласбек Сәдібекұлы бұған дейінгі қызметтерінің барлығын абыройлы атқарған болатын.

Ақпарат үшін айта кетейік, ол 1967 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист. Еңбек жолын 1983 жылы Алғабас аудандық мал бордақылау бірлестігінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-2015 жылдары Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бастығы, Шымкент қаласы «Жетіген» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарған. 2016 жылғы ақпаннан - Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Ақжар елді мекенінің тумасы. Білімі-жоғары. 2001 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001жылы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамашы болып бастаған. 2003-2006-ж.ж. осы білім ордасының аспиранты, 2006-2012 жылдары «Диалог Еуразия Қазақстан» журналының үйлестіруші-жауапты хатшысы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту, «ТҮРКСОЙ» ұйымының өкілі болып қызмет атқарған. Бүгінгі таңға дейін Қазақстанның Туркиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы болып жұмыс істеген.