Түркістан облысы ет экспорттаудан көш бастады

0
1 093

Ал көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,9 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.


Түркістан облысы ет экспорттаудан көш бастады

Түркістан облысы экономикасының көзі болып табылатын ауыл шаруашылығында өткен жылы жалпы өнім көлемі 544,3 млрд. теңгені құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, мал шаруашылығында ет өндірісі – 4,8 пайызға, сүт – 2,8 пайызға, жұмыртқа – 8,1 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, өңірде өткен жылы 9600 тонна ет Өзбекстан, Ресей, Иран, БАӘ елдеріне экспортталып, Республикадағы үлесі 54 пайызға жетіп, 1-орынды иеленді.

Сонымен қатар, егін шаруашылығында өткен жылы 286,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2018 жылы 807,4 мың гектарға орналастырылып, 2017 жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға көбейген.

Нәтижесінде, 2018 жылы ауа райының қуаңшылық болғанына қарамастан, дихандардың еселі еңбегінің арқасында масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,8 центнерден 405 мың тонна өнім түскен. Сонымен қатар, мақта дақылының гектар түсімділігі 25,7 центнерден барлығы 340,7 мың тонна, көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,9 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жетіп, республикадағы жеміс-жидектің 40 пайызы, жүзімнің 73 пайызы Түркістан облысында жиналған.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі