Түркістан облысы инвестициялар өсімі бойынша республикада көш бастады

0
1 479

11 айда 551,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды.


Түркістан облысы инвестициялар өсімі бойынша республикада көш бастады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 66,7%-ға артты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 66,7%-ға артып, республика бойынша бірінші орында тұр. Облыс экономикасын дамытуға 11 айда 551,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Биыл негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі құрылыс, өнеркәсіп, өнер, ойын-сауық, демалыс, көлік және жинақтау салаларына келеді. Тұрғын үй құрылысын дамытуға 76,3 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 146,5% -ға өскен.

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 324,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 111,1% артық. Оның ішінде экспорт 122,1%-ға өсіп, импорт көлемі 66,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Сондай-ақ, Түркістан облысында осы жылдың 11 айында 481,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнім көлемінің 41,6% үлесін тау-кен өндіру саласы құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 38,2 млрд. теңгенің, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 5,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Аса маңызды өнімдердің ішінде 270,4 мың тонна мұнай өнімдері, 64,1 мың тонна мақта талшығы өндіріліп, 137,0% -ға артқан. Электр қуаты 43,8%-ға (678,9 млн. кВт/сағ.) артты.