Түркістан облысы тұрғындарының өтініші тыңдалды

0
97

Жеке қабылдауға келген азаматтар үйлеріне газ кіргізу, ауызсу, көпқабатты үйлердің ахуалы және жол мәселелері бойынша өтініштерін айтты.


Түркістан облысы тұрғындарының өтініші тыңдалды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов азаматтарды кезекті рет қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов азаматтарды кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға келген азаматтар үйлеріне газ кіргізу, ауызсу, көпқабатты үйлердің ахуалы және жол мәселелері бойынша өтініштерін айтты.


Демеушілер есебінен Түркістан қаласы, Жанқожа батыр көшесі тұрғынының үйіне газ монтаждары жүргізіліп, кіргізілген. Қазіргі таңда «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ мекемесіне тұрғынның құжаттары ұсынылды. Техникалық құжаттамасы әзірленгеннен кейін, газ пайдалануға беріледі.


Түркістандық тағы бір тұрғын үй кезегінен шығарылғанын айтып, шағымданды. Азаматша толық емес отбасы ретінде 2016 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған. Тізімді түгелдеу барысында 2021 жылы тұрғынның заңды некеге тіркелгені анықталып, тұрғын үй кезегінен шығарылған.


Сондай-ақ, түркістандық тұрғындардың арызындарында көрсетілген кемшіліктерге сәйкес, әкімдік тарапынан Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданындағы 20 қабатты тұрғын үйге мердігер «Inter construction» ЖШС-на ескерту хат берілді. Мердігер тарапынан кепілдік шартпен кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Ал Қазығұрт ауданының тұрғындары Қызыл дала ауылы мен Алматы-Термез республикалық маңызы бар жолға асфальт салып беруді сұрады. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бюджеттен қаржы қаралған соң жұмыстар басталады.


Зұлпыхар Жолдасов әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, тиісті салалық мамандарға заң аясында шешу бойынша тапсырма жүктеді. Мұндай қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерін билікке тікелей жеткізуіне мүмкіндік беріп, жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланысын арттыруды көздейді.

Бөлісу