Түркістан облысы жалақысы ең төмен өңір атанды

0
2 234

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді .


Түркістан облысы жалақысы ең төмен өңір атанды

ERNUR.KZ. Республика бойынша жалақысы төмен өңірлер үштігінің көшін Түркістан облысы бастаса, кейінгі орындардан Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан өңірлері көрінді, деп жазады elitar.kz.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың IV тоқсанындағы қорытындысы бойынша Түркістан облысында орташа жалақы 109 706 теңгені құраған, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен. Ал Жамбылда - 114 705 теңге, СҚО-дағы жалақы көлемі 116 359 теңге. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320 514 теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Екінші орында 278 712 теңгемен Маңғыстау, үшінші орында 267 766 теңгемен Астана қаласы белгіленді.

Еске сала Еске сала кетсек, ел бойынша ең жоғары жалақы мөлшері 13 млн теңге болып белгіленді. Оны теңге кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі түрлері салаларындағы бас директоры алады екен. Ал ең төменгі жалақы - 15,6 мың теңгені білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап тазалаушылар алып отыр.