​Түркістан облысы және Шымкент қаласында өткен акцияның нәтижесі анықталды

0
1 175

Нәтижесінде олқылықтар 100 пайыз жойылды.


​Түркістан облысы және Шымкент қаласында өткен акцияның нәтижесі анықталды

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өткен «Еңбек шартын жасаңыздар!» атты акцияның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы бойынша 6939 мекеме болса, соның 801-і, яғни 11,5%мекемесінде жұмысберушілер мен кейбір жұмыскерлер арасында еңбек шарттары жасалмағандар анықталды. Сөйтіп бұл олқылық жүз пайыз жойылып, барлық 8 (100%) жұмыскерлерімен еңбек шарттары жасалған. Ал Шымкент қаласы бойынша 6763 мекеменің үшеуінде жұмысберушілер мен кейбір жұмыскерлер арасында еңбек шарттары жасалмаған. Тексеру нәтижесінде аталған үш мекемедегі 86 жұмыскердің барлығы да еңбек шарты түзілген.

Шымкент қалалық кәсіподақ орталығы баспасөз қызметі берген мәлеметтерге сәйкес, кәсподақ ұйымдары 28 жазатайым оқиғаны зерттеуге қатысқан.

Сондай-ақ, 154 еңбек дауларын шешуге атсалысқан. Биылғы жылы Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1326 өндірістік кеңес құрылып, оның ішінде 1177-сі кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылған. Оның ішінде - өндірістік кеңестің бастамасымен 1029 тексеру өткізілсе, ал 437 тексеру жұмыскерлердің бастамасымен жүргізілген. Нәтижесінде 1288 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, оның 958 ескертпесі түзетілген. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы 1479 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1269-ы өз біліктілігін көтерген.

"Бұл «Еңбек шартын жасаңыздар!» атты акциясы аясында атқарылған жұмыстар нәтижесі", - деп хабарлады Шымкент қалалық кәсіподақ орталығының баспасөз қызметі.