Түркістан облысына Испания мен Ресейден байқаушылар келді

0
1 066

Саяси науқан барысын көзден көшіру мақсатында сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ қысқа мерзімді байқаушылары аталған учаскедегі сайлау процесімен танысты


Түркістан облысына Испания мен Ресейден байқаушылар келді

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №324 сайлау учаскесіне Халықаралық байқаушылар келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Саяси науқан барысын көзден көшіру мақсатында сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ қысқа мерзімді байқаушылары аталған учаскедегі сайлау процесімен танысты


Испаниядан келген Алберто Баррера Рубио және Ресей Федерациясынан Андрей Бородин пікір алмасу барысында аудан орталығындағы және Ошақты, Қошқарата ауылдық округтерінің аумағындағы бірнеше сайлау учаскесін аралап көруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, елімізде Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Келес ауданында 61 сайлау учаскесі таңғы 07.00-ден өз жұмысын бастаған болатын. Сағат кешкі 20.00-ге дейін учаскелері аудан тұрғындарын қабылдайды.