Түркістан облысынан балбал тас табылды

0
2 576

Тасты орнына қайта қойып, арнайы қоршау жасатқан.


Түркістан облысынан балбал тас табылды

Шардара ауданы аумағынан балбал тас табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған көне жәдігер Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Шекертөбе» деп аталатын Абай-Шардара тасжолының бойындағы егістік алқаптан табылған. Бұл туралы «Айғақ» телеарнасы хабарлады.

Археолог Зейнолла Самашевтың айтуынша бұл құндылық VI-X ғасырларға тиесілі. Ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленіпті. Көне жәдігерді тапқан жер иесі – Төребековтер әулеті қазіргі таңда тасты орнына қайта қойып, арнайы қоршау жасатқан.

Шардаралық отбасы ендігі кезекте, бұл жердің тарихи-мәдени ескерткіштердің орны ретінде тиісті басқарма тарапынан мемлекет қорғауына алу қажеттігін сұрап отыр. Су қоймасына жақын маңдағы балбал тас орналасқан Шекертөбе қойнауында қаншама сыр жатқаны әзірге белгісіз.

Шардара аудандық мұражайының жетекшісі Нұрлан Смайыловтың айтуынша, қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қазба жұмыстарын жүргізу жайында талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, мұндай балбал тас Түркістан облысы Созақ ауданындағы Келіншектау етегінен де кездеседі.