Түркістан облысында 180-нен астам креативті іс-шара өтеді

0
161

Сонымен қатар алдағы жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралып, нақты тапсырмалар берілді.


Түркістан облысында 180-нен астам креативті іс-шара өтеді

Түркістан облысында 180-нен астам креативті іс-шара өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында 184 креативті іс-шара ұйымдастырылады. Қазіргі таңда облыс көлемінде жүзеге асырылатын жобалардың негізгі бағыттары айқындалып, іс-шаралардың желілік кестесі әзірленді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Басқосуда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мәдени фестивальдар, спорттық жарыстар, әлеуметтік акциялар және басқа да маңызды шаралар өтуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоспарлау және үйлестіруге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар алдағы жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралып, нақты тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін барлық құрылымдардың бірлескен күш-жігері мен ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті.

– Облыс көлемінде өтетін іс-шаралардың концепциясын қайта қарап, креативті идеяларды пайдалана отырып, ұсыныс енгізу қажет. Жоспарланған креативті іс-шараны жоғары деңгейде өткізу маңызды. Ұйымдастыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырамын, – деді ол.

Бөлісу