41 516 балаға азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдары берілді.
Түркістан облысында 49,5 мың отбасыға яғни, 277 мың азаматқа 31,9 млрд. теңге қарастырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін іске асыру мақсатында Түркістан облысында 49,5 мың отбасыға яғни, 277 мың азаматқа 31,9 млрд.теңге қарастырылды.Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы қажеттілікке 27,5 млрд.теңге, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 4,4 млрд.теңге бөлінген.
«Облыста 2020 жылдың 1 қарашасына аз қамтамасыз етілген 35 109 отбасыға 13 156,2 млн. теңге қаржы тағайындалып, 33 434 отбасыға 10 683,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1 және 6 жас аралығындағы 41 516 балаға азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдары берілді. Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд.теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылды», - деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.
Облыста сондай-ақ, шілде-тамыз айларында 337 171 өтінішке төлемдер тағайындалып14,2 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленген. 6-18 жас аралығындағы атаулы әлеуметтік алушы 168,9 мың балаларға, мүгедектер мен жұмыссыздарға 3,7 млрд.теңгеге 5 567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік-тұрмыстық пакеттері берілді.