Түркістан облысында Абай аллеясы ашылды

0
1 840

Мүсіннің биіктігі – 3 метр болса, тұғыры – 2 метрді құрайды.


Түркістан облысында Абай аллеясы ашылды

Төлеби ауданында мерейтойға арналған Абай аллеясы ашылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай аллеясы ашылды. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан. Демеуші азаматтардың қолдауымен саябақта ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді. Мүсіннің биіктігі – 3 метр болса, тұғыры – 2 метрді құрайды.

Абай аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудан ардагерлері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Темірғали Көпбаев сынды зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

«Бұл шара - ұлы Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеуге бағытталған. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық», - деді жиында сөз кезегін алған аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.

Айта кетерлігі, ондағы балалар және спорт алаңшалары тұрғындардың дене шынықтыруы мен серуендеуіне қолайлы жағдай туғызатын болады. Алдағы уақытта Төлеби ауданында игілікті істер жалғасын таба бермек.