​Түркістан облысында әкім жастармен мейрамханада бас қосты

0
1 467

«Grand Paris» мейрамханасында Келес аудан әкімі жастарымен бейресми кездесуін өткізді.


​Түркістан облысында әкім жастармен мейрамханада бас қосты

Түркістан облысында жаңадан құрылған Келес өңірінде аудан басшысы жаңа форматта жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауындағы «2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялауы бойынша аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығында орналасқан «Grand Paris» мейрамханасында аудан жастарымен бейресми кездесуі болып өтті.

«Биылғы жыл Елбасымыздың бастамасымен көреген шешім қабылданып, Келес ауданы құрылды. Жаңадан құрылған Келес ауданының белсенді жастарымен бүгін бірінші рет еркін форматта кездесіп отырмыз», - деп сөзін бастаған аудан әкімі Ақментай Үсенұлы Елбасының жолдауына басымдық беріп, жастарға артылып отырған сенім мол екендігін жеткізді.

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп жасампаз елдің жастарына қай уақыттада үлкен сеніммен қараған Елбасы бұл жолы да жастарды назарынан тыс қалдырмады. Алдағы 2019 жылы «Жастар жылы» қарсаңында ауданымыз Түркістан облысында Жастар саясатын жүзеге асыруда жастарымызды қолдауда арнайы кешенді жоспар түзілуде. Әрине, мұның барлығы да жалынды жастарымыздың арқасында жүзеге аспақ. Ол үшін біздің жастарымыз белсенді, мықты, білімді, саналы, тәрбиелі, мәдениетті болуы қажет. Мемлекет жасаған мүмкіндікті жастарымыз қалт жібермей, үнемі ізденісте болуы керек», - деп сөзін түйіндеді.

Аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев та жиында Елбасымыз Ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананың түзу жолымен қалыптасуымен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін атап өткендей, болашағымыз жастардың қолында екенін атап өтті.

Келес ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Эрнар Бектаев аудан әкіміне жастармен кездесуге келіп, жастарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргеніне аудан жастары атынан алғысын айтты. Кездесуде жастар саясатынының дамыту жолында еркін тақырыпта пікір алмасып, түрлі тұщымды ұсыныстар айтылды.