Түркістан облысында аудандардың даму жоспарлары келісілді

0
99

Жиында әр ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы нақты мәселелер қаралды.


Түркістан облысында аудандардың даму жоспарлары келісілді

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жан-жақты талданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан әкімдіктерінің жауапты сала басшыларын жеке қабылдап, 2026 жылға арналған жоспарлар бойынша көзделген негізгі индикаторлардың орындалу барысын жан-жақты талдады. Жиында әр ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы нақты мәселелер қаралды.


Жиын барысында аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлар, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды.


Атап айтқанда, Отырар ауданында 2026 жылы аудандағы егіс көлемін 2,4 мың гектарға ұлғайтып, 58,3 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бәйдібек ауданы бойынша 11 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 92,3 пайызды құрады. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Тамақ өнімдерінің өндіріс көлемі 95,6 млн теңгені құрап, жоспар толық орындалған. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер мен АШЖБ дерекқоры арасындағы айырмашылықты жою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Созақ ауданының «Созақ» индустриалды аймағында бос тұрған ғимараттарға аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандар көшіріліп, қазіргі таңда үш өндірістік парк ашылған. 2026 жылға арналған жоспарлар аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша агроқұрылымдардан өтінімдер қабылданған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша бірқатар агроқұрылымдар несие рәсімдеу үстінде.


Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты сала басшыларына мемлекет меншігіне қайтарылған жайылым жерлерін қоғамдық жайылым ретінде бекіту жұмыстарын жеделдетуді, аудандардағы жер кезегін қайта зерделеуді және қоқыс полигондарын оңтайландыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ салалар бойынша 2026 жылға арналған жоспарлар келісілді.

Бөлісу