Түркістан облысында балық аулаудан сайыс өтті

0
1 093

Сайысқа төрелік жасаған мамандар қатысушылардың жарыс ережелерін қатаң сақтап, әділ өтуіне атсалысты.


Түркістан облысында балық аулаудан сайыс өтті

Түркістан облысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен балық аулаудан сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен балық аулаудан сайыс өтті. Бұл шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, осы бағытта жаңадан кәсіп бастаймын дегендерге ынталандыру, облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру.


Сайысқа төрелік жасаған мамандар қатысушылардың жарыс ережелерін қатаң сақтап, әділ өтуіне атсалысты.


Балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент демалыс аймағындағы сайысқа облыстан келген Жетісай мен Сарыағаш, Түлкібас аудандарынан келген әуесқой балықшылар қатысты.


Жарыс соңында қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне қарай қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша қарсыластарына қарағанда қысқа уақыттың ішінде 3,5 келі балық аулап үлгерген Бекзат Қыпшақбаев жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Ал Бекжан Ерменов бір келі балық аулап екінші орынға ілікті. Нұрдос Қарынбаев 800 грам балық аулап, үшінші орынды қанағат тұтты.


Сайыс соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.