Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды

0
19

Жұмысқа 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.


Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды

Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында жаңа арнайы техника көмегімен 65 км-ге жуық ирригациялық каналды кешенді тазалау басталды 2026 жылғы вегетация кезеңінде суару суын жеткізуді жақсарту мақсатында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы өңірдегі ирригациялық каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Түркістан филиалының Жетісай өндірістік учаскесінде ұзындығы 64,9 шақырым болатын каналдар тазартылып жатыр. Бүгінге дейін оның 29 шақырымы тазартылды. Жұмысқа 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.


Атап айтқанда, үш ауылдық округтағы 18,86 мың гектар жерді суару суымен қамтамасыз ететін К-21 каналының 18 км учаскесі тазалануда. Қазіргі уақытта 10 км учаске толық тазаланған. Жұмыстарға пайдаланылып жатқан үш экскаватор тазалауды үздіксіз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.


Сондай-ақ 10 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз ететін К-34 каналын механикалық тазарту жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы ұзындығы – 18,5 шақырым. Қазіргі таңда шамамен 4 шақырымы тазартылды.


«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы ГНС-1 насос станциясына су беру тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Машканал» (Машиналық әдіспен су көтеру каналы) бас құрылысын құм мен лайдан тазарту жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 5 арнайы техника жұмылдырылған. Тазарту процесін 10-15 күн ішінде аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар ГНС-1 станциясындағы 8 насос агрегатын жөндеуге дайындық жүргізіліп жатыр.


Бұдан бөлек, филиал Жетісай ауданындағы ішкі шаруашылық каналдарын да механикалық тазалауды көздеп отыр.


«Вегетация кезеңі барысында осы нысандардың барлығында суды жеткізуге қатысты қиындықтар анықталды. 2026 жылғы суару маусымында осындай мәселелердің алдын алу үшін алдымен тазарту жұмыстары жүргізіліп, кейін жөндеу және бетондау жұмыстары іске асырылады. Тазарту барысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары бақылауда және ведомство ұсынған жаңа техника мен автокөлік белсенді пайдаланылып жатыр»,– деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі Нұрмұхаммед Ниязбеков.

Бөлісу