Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

0
625

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148 млрд. теңгеге артық.


Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң өсімі байқалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң өсімі байқалды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 776,8 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148 млрд. теңгеге артық.


Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 340,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 млрд. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 996,3 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өсті.


Облысымызда сиыр сүті өндірісі +0,6%-ға, тауық жұмыртқасы өндірісі +11,1%-ға ұлғайды. Жалпы, облыс экономикасына 577,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, +6,7%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 269,1 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102%-ды құрады.


Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 811,6 мың шаршы метрге жетті немесе +36,7%-ға артты. Бұл ел бойынша 1-орын. Оның ішінде халық қаржысына салынғаны – 468,5 мың шаршы метр.


Жалпы сауда көлемі 334,4 млрд. теңгені құрады немесе өсім +10,6%. Биылғы қаңтар-қарашада тасылған жүк көлемі 386,6 млн. тоннаға жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңге 107%-ды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 6,9 млрд. теңгеге жетіп, +9,3% өсімге қол жеткізілген.