​Түркістан облысында үш күндік сәби спорттық сөмкеден табылды

0
1 297

Өңір полициясы көкек ананы іздестіріп жатыр.


​Түркістан облысында үш күндік сәби спорттық сөмкеден табылды

ERNUR.KZ.Түркістан облысында жаяу жүргіншілер жол жиегіндегі спорттық сөмкеден жаңа туған нәрестені тауып алды, деп жазады sputniknews.kz.

Шақалақ аптап ыстықта аузы жабық сөмкеде төрт сағатқа жуық болған, тұншығып өлуге шақ қалыпты. Тастандыны тауып алған әйелдің айтуынша, қыз бала әуелде қып-қызыл болып, қимыл-қозғалыссыз жатқан.

Қазір бала балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер қыздың туғанына бар-жоғы үш күн болғанын анықтады, оған Айым деген есім беріпті.

Өңір полициясы көкек ананы іздестіріп жатыр.