Түркістан облысында «Жоғары білім» көрмесі өтіп жатыр

0
227

4 мың грант бөлініп отыр.


Түркістан облысында «Жоғары білім» көрмесі өтіп жатыр

Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр.


Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр. Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Оқу гранттарының 2 500-ден астамы - педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы - инженерлік өңдеу және құрылыс саласы.


Сонымен қатар, 300 грант - IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант - ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытында.


Айта кетейік, 2023 жылы «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болған. Сонымен қатар, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасқан.