​Түркістан облысындағы Арыс қаласы өзгереді

0
3 434

Арыс қаласында жаңа құрылыстар салынады


​Түркістан облысындағы Арыс қаласы өзгереді

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің төрағалығымен қалалық қала құрылысы кеңесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Арыс қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатырдың жүргізуімен өткен кеңесте алдағы уақытта қалада бой көтеретін сәулеттік жобалардың құрылысы талқыланды.

Жобалар бойынша Арыс қаласындағы «Көктем-2» тұрғын ауданында, Абдразақов, Байтұрсынов көшелерінің бойына және Арынбаев көшесі бойындағы ескі қымызхана орнына сквер орнатылады. Арыс-2 темір жол вокзалы, қаладағы шатқалдар, кіре беріс көше бойы мен аспалы көпір аумағы абаттандырылады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» саябағы және «Құрметті азаматтар» аллеясы, Арыс қаласының кіре берісіне «Арыс» белгісі орнатылады. Д. Қонаев даңғылының бойындағы пайдаланусыз тұрған жанар-жағар май бекетінің маңы жабындылармен қоршалып, орталық алаң қайта жаңғыртылады (сахна, трибуна).

Арыс-Шымкент тас жолы бойынан (Шымкент бағытынан), Арыс қаласының кіре берісінен (Шардара, Монтайтас, Дермене бағыттарынан) аркалар салынады. Арыс қаласына оңтүстік-батыс бағытынан (Шардара, Монтайтас) кіре беріс көше қиылысы, Сырдария елді мекенінің орталық көшесі абаттандырылады. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» логотипін Әл-Фараби көшесі бойындағы №7 көпқабатты тұрғын үй жанына орнату және МПС тұрғын үйлерінің күрделі жөнделуіне нобайлық ұсыныстар берілді.