Өңір басшысы облыстың, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы атап өтті.
Нұралхан Көшеров Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жалғасып жатыр. Бұл жолы Сайрам ауданы тұрғындарының өтініштері мен мәселелері, ұсыныстары тыңдалды. Өңір басшысы облыстың, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы атап өтті.
–Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдері барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін тарихы терең, табиғаты көркем Сайрам өңірінің тұрғындарымен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сайрам ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2026 жылдың 6 айында 203,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 125,6 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімкөлемі 49,6 млрд. теңгеге жетіп,өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 151,5 пайызға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 37,7 млрд. теңгені құрап, 155,4 пайызға өсті. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2026 жылдың 6 айында 222,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,3 есеге артты. Сауда көлемі 70,7 млрд.теңгені құраса, өсім 110,1 пайызға жетті. Құрылыскөлемі 2026 жылдың 6 айында 17,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы кезеңменсалыстырғанда 128 пайызға артты. Ал пайдалануға берілген тұрғын үй 59,2 мың шаршы метрді құрап, өсім 109 пайызды көрсетті.Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2026 жылдың 6 айында 66,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда111,7 пайызға артты. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, елімізде 23 тамыз күні Құрылтай сайлауы өтетін болады. Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға, елдің тұрақты дамуы мен болашағына бағытталған жауапты қадам. Түркістан облысы елімізде өткізілетін барлық сайлау науқандарында өзінің жоғарғы азаматтық белсенділігімен ерекшеленіп, сайлау үдерісіне әрдайым жоғарғы деңгейде атсалысып келеді. Бұл – өңір тұрғындарының ел тағдырына бейжай қарамайтын, азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Осыған орай, баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарыңызды танытуға шақырамын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Ауданда «Жайлы мектеп» жобасы аясында өткен жылы Ақсу елді мекенінде 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар №89 Қайнарбұлақ, №3 Хамза және «Айша-Бибі» мектептері реновациядан өтіп, жаңғыртылды. Биыл Жібек жолы ауылындағы «Бөкейхан» орта мектебіне арналған 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Нысанды қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласында Қарабұлақтағы аудандық ауруханасы мен Ақсудағы аудандық орталық ауруханасыныңғимараттары күрделі жөндеуден өтуде. Бүгінде Қожақорған, Нұржанқорған және Қарабұлақ ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, биыл 7 елді мекеннің ауызсу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 8 елді мекенде электр жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Былтыр Көлкент ауылын газдандыру жұмыстары аяқталып осы жылы Құтарыс және Қызылжар елді мекендері табиғи газға қосылып, нәтижесінде, Сайрам ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылды. Облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолына (33,6 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Ақсу өзені арқылы өтетін Жансая көпірі салынып, ел игілігіне берілді.
Өткен жылы өңір басшысы сайрамдықтармен кездесуінде көтерілген өзекті мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.Жалпы тұрғындар тарапынан 23 мәселе көтеріліп,оның 16-сы толық орындалды. Ал қалған 3 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесуден кейінөңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауда заңсыз жайылым жерлер, ішкі жолдарға асфальт төсеу, интернет сапасы, ауыз су, білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер көтерілді. Көкейкесті ойлар айшық айтылып, облыс әкімі тарапынан тиісті жауаптар берілді. Нұралхан Көшеров әрбір өтініштің назарға алынатынын айтып, жауаптыларғамәселелерді зерделеп, шешу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.


