9 шілде - Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Түркістан облысы бойынша барлық мешіттерде айт намазы сағат 06:40 оқылады. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшам намазына дейін жалғасады. Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой мен ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек.
Бас имам құрбандық шалуда мән берілуі тиіс тұстарды баса айтты. Қой немесе ешкіні тек бір адамның атынан ғана құрбан ретінде шалуға болады. Ал сиыр немесе түйені бір кісінің жалғыз өзі шалуына болатыны сияқты, жеті кісінің атынан да шалуға болады.