186 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды.
Түркістан облысы полицейлері "Қару" жедел-профилактикалық іс- шарасы барысында 27 қару тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 27 қару мен 186 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару, оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.
"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысына сәйкес тәртіп сақшылары тіркелмеген 27 қару, оның ішінде 18 аңшылық мылтығы, 1 травматикалық және 1 газды тапанша алынды. Сондай-ақ 7 аңшылық мылтығын тұрғындар ерікті түрде тапсырған.
Мысалы, Ордабасы ауданында "Қару" жедел-профилактикалық шарасы барысында полицейлер заңсыз айналымнан тіркелмеген 3 аңшы мылтығын тәркіледі.
Сондай-ақ, Ордабасы АПБ әкімшілік полиция инспекторы полиция капитаны Жүзеев Ратбектің айтуынша, рейдтік іс-шаралар барысында 400-ден астам қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды.
"Қару" іс-шарасы кезінде облыс бойынша полицейлер 4,5 мыңға жуық қару иелерін тексеріп, 186 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды. Оның ішінде 16-ы ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша "қаруды заңсыз сақтау" және 170-і "қаруды сақтау ережелерін бұзу" бойынша тіркелді.
Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, осындай жедел-профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.