ТҮРКІСТАН: Оқушылар саны артып, жаңа оқулықтар алынып жатыр

0
874

Оқушылар саны көбейген.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар саны артып, жаңа оқулықтар алынып жатыр

Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы зерделенді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020-2021 жылғы оқу жылын Түркістан облысы Төлеби ауданында 67 мектеп 26150 мыңға жуық білім алушылармен бастағалы отыр. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 24880 оқушы қашықтықтан оқитын болса, 16 мектепте 1403 оқушы штаттық режимде оқытылмақ. Биыл 24 мектепте 1 сыныптарында 872 оқушы кезекші сыныпта білім алады. Аудан бойынша 1 сыныпқа барлығы 3089 бала қабылданады деп жоспарланған, бүгінгі күнге оның 2723-і электронды тіркелді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың наурыз айында 186 дана ноутбук сатып алынған болатын. Жаңа оқу жылына қажеттілікке байланысты оқушыларға 230 дана компьютер, 1688 дана ноутбук және 430 дана планшет беріледі. Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қайтарымсыз жеке өздері пайдалануға 750 дана планшет, 1380 оқушыға қысқы киімдер алып беру жоспарланған.

Сондай-ақ, оқушылар санының артуына байланысты 1-10 сыныптарға қосымша 63082 оқулық алынды. Және 11 сыныпқа 1380 оқушыға 46224 оқулық алынып таратылуда. Қазіргі уақытта интернет желісінің жылдамдығын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қашықтықтан оқыған жағдайда интернетке мұқтаж оқушыларға «Қазақтелеком» АҚ арқылы арнайы интернет желісіне қосылған «ӘМБЕБАП-НӨМІРЛЕР» берілмек.