«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті.
Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті. Аталған, іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар мен балалар қатысты.
«Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілік сақталып, әрбір шаңырақта бақ-береке орнасын. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыздың шығармашылығы шыңдала берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай», – деді іс-шарада сөз алған «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.
Кеш қонақтарын құттықтаған жас өнерпаздарымыз қазақ әндерінің алтын қорындағы Отансүйгіштікке шақыратын туындыларды орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.