ТҮРКІСТАН: Онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

0
852

Азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмектер алды.


ТҮРКІСТАН: Онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Сарыағашта онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарығаш ауданында 80-нен астам көрермен қатысқан онлайн режимде жәрмеңке болып өтті. Тікелей эфирде өткізілген жәрмеңке Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастауымен ұйымдастырылды.


Жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмектер алды.


Жәрмеңкеге Түркістан облысының Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №8 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ ТО филиалының Сарыағаш аудандық тіркеу және жер кадастр және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары мен мамандар қатысып баяндама оқыды.


Жиын соңында Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Е.Мусаев онлайн форматтағы жәрмеңке енді тұрақты түрде өткізілетіндігін хабарлады.

Бөлісу