ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданындағы «Қараспан» каналы жөнделіп жатыр

0
704

1710 гектар жер телімі толықтай ағын сумен қамтамасыз етіледі.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданындағы «Қараспан» каналы жөнделіп жатыр

Ордабасы ауданындағы «Қараспан» магистралды каналы жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіндегі «Қараспан» магистралды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Ұзындығы 25 шақырымды құрайтын каналдың құрылысын 2022 жылдың күзінде «Мелиоратор» серіктестігі бастаған.


"Нысан құрылысын аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарлануда. Құрлыс жұмыстарына 100-ден астам адам мен 40-тан астам түрлі техникалар жұмылдырылған. Жалпы, Ордабасы ауданында 90 ағын су нысаны бар. Олардың жалпы ұзындығы 855,4 шақырымды құрайды. Олар арқылы 34 018 гектар егістік жер суғарылады. «Казсушар» мекемесіне қарасты Найман, Қазыналық және Р-6 каналдарына өткен жылы қаржы бөлініп күрделі жұмыстар жүргізілді. Ал, Құртай каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталады. «Тұран су» мекемесінің меншігіндегі 5 каналға күрделі жөндеу өткізу үшін облыстық бюджеттен 1 018 млн. теңге қаралған. Бұл каналдар 2023-2025 жылдары толық жөнделіп бітеді", - деді аудан әкімі Нұрбек Бадырақов.


Одан бөлек, аудан әкімі аудан аумағындағы Р-7, Құрманбек, Р-7-3, Р-8, Р-8-А, Р-10-1, Р-9 каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты.


Сондай-ақ, әкімдік ақпаратына сүйенсек, ауданның меншігіндегі «Теспе», «Шұбар-Қайшылы», «Ақбұлақ», «Балпан» каналдарын және Ақпан ауылындағы ағын су нысанын жөндеп, су сорғысын қою, Берген Исаханов елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын бұру жобасына тиісті қаражат бөлінген. Нәтижесінде, жалпы 2432 гектар жер қайта айналымға қосылып, 1710 гектар жер телімі толықтай ағын сумен қамтамасыз етіледі.