Бұған дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін Бағлан Батыршаев атқарған болатын.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан әкімі аппаратына жаңа әкім Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақовты таныстырды. Бұған дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін Бағлан Батыршаев атқарған болатын.
Бадырақов Нұрбек 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүние келген.
Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының статист қызметінен бастаған.
Бұдан кейінгі жылдары осы басқармада әртүрлі лауазымда қызмет атқарған.
2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрінің кеңесшісі, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ Еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін талдау және дамыту департаментінің бас менеджері;
2017–2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 23 қазанынан бастап Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген болатын.