ТҮРКІСТАН: Ордабасы тауында визит-орталық салынып жатыр

0
646

500 адамға қызмет көрсетіліп, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы тауында визит-орталық салынып жатыр

Ордабасы ауданында Визит-орталықтың құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданында туризмді дамыту мақсатында Визит-орталықтың құрылысы басталды. Ол нысан - қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінде үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауындағы «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағында бой көтеруде. Орталықта қорық кеңсесі, музей, мәжіліс залдары, ғылыми зерттеу бөлмелері, кітапхана, асхана және жатақхана бөлмелері болмақ. Бір мезетте қорық аумағында 500 адамға қызмет көрсетіліп, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады.


Сондай-ақ, ауданда даңқты балуан, күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы ірі туристік кешен салынуда. Құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.


Бұдан өзге, ауданға қарасты Амангелді ауылындағы «Amangeldi» емдеу сауықтыру орталығы медициналық туризмнің дамуына тың серпін беруде. Шипажайдың термалдық суы түрлі тері ауруларына ем. Бүгінде шипажайға еліміздің барлық өңірінен ем іздеушілер көптеп келуде.