ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 1,4 млрд. теңгеге 33 жоба жүзеге асырылады

0
1 479

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 1,4 млрд. теңгеге 33 жоба жүзеге асырылады

Түркістан облысы Ордабасы ауданының жалпы өңірлік ішкі өнім көлемі 78 млрд. 285 млн. теңгеге жеткен, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде 11 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылаған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Оның сөзінше, өнім көлемін арттыру мақсатында маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін ауданға жалпы 15 млрд. 912 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған.

«Жалпы ауданда 11 айдың қорытындысы бойынша ірілі-ұсақты 35 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 1 млрд. 399,3 млн. теңге болатын 33 жоба сүйемелденуде. Ал, «Бизнес-Бастау» бағдарламасына бойынша 227 азамат сертификат алып, жоспар 100 пайызға орындалды. Бір сөзбен айтқанда ауданда өндіру, өңдеу бағытындағы және жалпы кәсіпкерлік саласындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді», – деді Н.Тұрашбеков.

Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 46 млрд. 885 млн. теңгеге жетіп, 102,9 пайызды еңсерген. Биыл 65 774 гектар егістік жер иегеріліп, жоспар артығымен орындалған. Аудандағы жалпы жылыжай көлемі 82,02 гектарға жеткен. Олардан 4 370 тонна қияр, 2 420 тонна қызанақ алынды. Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 171,9 гектар жерден екі рет өнім алынуда. Осы жылы ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд. 255 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 665 ірі қара мал алынып, тапсырма 138,8 пайызға, «Алтын асық»бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, тапсырма 190,7 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 289 бас жылқы алынып, жоспар 104,3 пайызға орындалды. Айта кетейік, ауданда 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келеді. Оның 100-і биыл іске қосылған.