ТҮРКІСТАН: Ордабасыда ақын Айдар Сейдәзімнің поэзия кеші өтті

0
153

Қатысушылар ақынның шығармашылығын тамашалап, ашық микрофонда өз пікірлерімен бөлісті


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда ақын Айдар Сейдәзімнің поэзия кеші өтті

Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елдімекенінде ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Айдар Сейдәзімнің «Күзді сүйемін» атты поэзия кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елдімекенінде ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Айдар Сейдәзімнің «Күзді сүйемін» атты поэзия кеші өтті. Бұл шараның мақсаты – кітапхана ісіне жаңа серпін беріп, жастар мен оқырман қауымның әдебиетке, поэзияға, өнерге деген қызығушылығын арттыру.


Шара шымылдығын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөзбен ашып беріп, ақынға шығармашылық табыс тілеп, сый-сияпаттарын табыс етті.


Поэзия кешіне Түркістан өңіріне танымал өнер майталмандары мен зиялы қауым өкілдері, ақынның өнердегі үзенгілес әріптестері, замандастары, мәдениет майталманы Ұлжан Мұстафаева, сазгер, ұстаз, профессор Бекжігіт Сердәлі, ақын Гүлнәр Өмірбек, сынып жетекшісі Қалампыр Серікбаева, облыстық мәслихат депутаты, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай, ардагер журналист Әбдез Рахманұлы, Түркістан облыстық журналистер одағының төрағасы Мәлік Әлмахан, Қазақстанның құрметті журналисі Роза Нарымбетова, ардагер ұстаз Несіпкүл Өтебаева, ғалым, заңгер Ғалымжан Битұрсын, ақын Асылзат Арыстанбек, сазгер Жанар Болатбекова, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Жанат Сәдібекқызы және өзге де ел ағалары мен беделді тұлғалар қатысты.


Кеш барысында лирикалық би, пролог ақын өлеңдерінен композиция, ақынның «Күзді сүйем» әні, сондай-ақ, ашық микрофон ұсынылып, қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды.


Ақынның шығармашылық кешіне Парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібекұлы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әлібек Шегебай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, ұстазы Ләйла Мұсалы бейнеқұттықтау жолдап, шығармашылық табыс тіледі.


Кеш барысында ақын Айдар Сейдәзім өз шығармаларынан үзінділер оқып, әсем ән, әдемі әзіл мен сырлы әңгімесін ағытты. Қатысушылар ақынның шығармашылығын тамашалап, ашық микрофонда өз пікірлерімен бөлісті

Бөлісу