Қазіргі таңда өнім толық пісіп-жетіліп, терім науқанына дайын тұр.
Отырар ауданында мақта терім науқаны басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырар ауданында мақта жинау маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Алтын дала мақта» ЖШС-ң мақта алқаптарын аралап, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Биыл ауданда 34 мың гектар жерге мақта егілген. Қазіргі таңда өнім толық пісіп-жетіліп, терім науқанына дайын тұр. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, мақта жинайтын заманауи комбайндар сақадай сай. Қазан айында мақта терімі басталып, жиналған өнім ауданда жаңадан іске қосылатын зауыттарға жөнелтіледі.
Өндірілген мақта шикізаты Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан жіп иіру, тоқыма, мата өңдеу, бояу және дайын өнім шығару фабрикаларына жеткізілмек. Жобаның экономикалық тиімділігі жоғары. Ол мақта-тоқыма кластерінің дамуына серпін беріп қана қоймай, аудан бюджетіне қосымша кіріс әкеліп, салық түсімдерінің артуына сеп болады.