ТҮРКІСТАН: Премьер-министрдің орынбасары туризмді дамыту жұмыстарымен танысты

0
131

Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстары, «Күлтөбе» қалашығын туристік орынға айналдыру бағытындағы бастамалар таныстырылды.


ТҮРКІСТАН: Премьер-министрдің орынбасары туризмді дамыту жұмыстарымен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Түркістан облысында туризмді дамыту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңіріне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығындағы әлеуметтік, мәдени және туристік нысандарын аралап, осы салалардағы жұмыстармен танысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аблыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар туралы баяндады.


Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстары, «Күлтөбе» қалашығын туристік орынға айналдыру бағытындағы бастамалар таныстырылды. ЮНЕСКО тізіміне енгізілген кесенені сақтау, реттеу бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынған. Ал «Күлтөбе» қалашығында құрылыс жалғасуда. Жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемдері 7000 шаршы метрге төселген, көгалдандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер көпірі және жарықшам электр желілерін жүргізу жұмыстары 90% аяқталған.


Ермек Көшербаев сонымен бірге Сапар орталығының қызметін қадағалап, жай-күйін бағдарлады. Бұл нысандар туристерге қызмет көрсетіп келеді.


ҚР Премьер-министрінің орынбасарына Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар да баяндалды. Облыста туристерге ұсынылатын негізгі 3 бағыт айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Облыста тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1783 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Экологиялық туризм бағыты бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар орналасқан («Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі). Емдік-сауықтыру туризмі бағытында 117 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Туристерге қызмет көрсететін 251 орналастыру орны, 298 демалыс орны бар.


2025 жылдың 6 айында өңірдегі орналастыру орындарында демалғандар саны 151 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7%-ға өскен. Табиғи аумақтарға 123,2 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 29,5%-ға артқан.

Бөлісу