ТҮРКІСТАН: Президент «Бөрте Милка» тауарлы сүт фермасымен танысты

0
1 335

Ферма «DeLaval» швед технологиялық кешенімен жабдықталған.


ТҮРКІСТАН: Президент «Бөрте Милка» тауарлы сүт фермасымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бөрте Милка» тауарлы сүт фермасымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Ордабасы ауданының Бадам ауылында орналасқан «Бөрте Милка» ЖШС тауарлы сүт фермасын аралап көрді.


2016 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде биыл 403 бас сиыр сатып алды. Нәтижесінде қосымша 15 жаңа жұмыс орны ашылды.


Жобаға мемлекеттен жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген 2,4 миллиард теңге несие берілді. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ферма «DeLaval» швед технологиялық кешенімен жабдықталған.


Ферма тәулігіне 25 тонна сүт өңдеп, 20-дан астам өнім түрін шығарады. Кәсіпорынның тауары негізінен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент, Алматы қалаларына жеткізіледі.