ТҮРКІСТАН: Р.Сейтметов театрынының XXIV маусымы жабылды

0
249

Спектакльдің көркемдік идеясы – сыбайлас жемқорлықпен күрес.


ТҮРКІСТАН: Р.Сейтметов театрынының XXIV маусымы жабылды

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрынының XXIV маусымы жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрынының XXIV маусымы жабылды. Жақында ғана тұсауы кесілген драматург «Жалғыз желкен» қойылымы сахналанды. Спектакльді облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.


Әлдихан Қалдыбаевтың пьесасы негізінде сахналанған қойылым желісі басты кейіпкер – 49 жастағы облыс әкімнің айналасында өрбиді.


Спектакльдің көркемдік идеясы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл пьесаны театрдың қоюдағы мақсаты, сахна арқылы қоғамда кең тараған парақорлықты, жемқорлықты көрсету, яғни қоғамға рухани ой салу арқылы жемқорлықтың тамырына балта шабу. Өкінішке орай қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызда кең тараған. Ал театр әрқашанда қоғам ағымымен бірге ағып, қоғамда болып жатқан экономикалық немесе саяси, діни, әлеуметтік құбылыстарға өзіндік бағасын береді. Демек бұл спектакльдің сахнаға шығуы заңды құбылыс.


Драмалық спектакльді қоюға көптеген тәжірибелі мамандар атсалысты. Қойылымның жарық жөніндегі суретшісі – Жанболат Рсимбетов, қоюшы суретші – Қанат Шериев. Композиторы – Қанат Жұмабаев. Тәжірибелі маман, костюм жөніндегі суретші – Меруерт Сейсембекова. Гримм бойынша суретші – Қарлығаш Сапарханова.


Басты рөлдерде Жасұлан Тұрғанбаев, Бағлан Төлендиев, Мұрат Құрманбеков, Шәкен Амантұров, Айдар Наурызбаев, Рауан Шырынбеков, Талғат Қарынбаев, Бақдәулет Шаймахан, Қанат Садықбеков, Нұржан Ізтаев, Жандос Маханов, Ғалымжан Жакипов, Ерқайрат Бимурзаев, Ғалымжан Бейсенбаев, Олжас Сәрсенов, Дәурен Жанәділов сынды таланттар ойнайды.


Айта кетейік, облыс орталығындағы қара шаңыраққа айналған театр ұжымы мерейлі XXV маусымын қыркүйек айында ашады деп жоспарлануда.