ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауқымды мал бордақылау алаңы ашылады

0
994

Нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауқымды мал бордақылау алаңы ашылады

Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылаудың кешенді алаңы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл соңына дейін ірі қара малды бордақылаудың кешенді алаңы ашылады. Құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан Қайнарбұлақ ауыл округіндегі нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды.


«Бексултан 112» ЖШС жоспарға сай 21 мың бас бұқашықты бордақылауды көздеп отыр. Жоба құны 3 млрд теңгені құрайды.


Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиев 3 айда алғашқы мың басты бордақылау алаңын іске қосуға ниетті. Мұнда жергілікті 25 тұрғын жұмыспен қамтылмақ.