ТҮРКІСТАН: Сайрамда Достық үйі пайдалануға берілді

0
48

8 этномәдени орталық тұрақты түрде жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда Достық үйі пайдалануға берілді

Сайрам ауданында Достық үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік-мәдени нысан –Достық үйі пайдалануға берілді.


Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.


Қазіргі уақытта аудан халқының жалпы саны 242 мыңнан асса, мұнда барлығы 39 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақ астында еңбек етіп келеді. Сонымен қатар 8 этномәдени орталық тұрақты түрде жұмыс істейді.


Жаңадан ашылған Достық үйі этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлікті арттыруға және мәдени байланыстарды дамытуға арналған маңызды рухани алаңға айналмақ.

Бөлісу